2022 жылғы 22 сәуірде Халықаралық кітап күніне орай «Кітапхана Кеші» аясында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының оқырмандары үшін «Төгіліп күй, жарқырап жыр, әуелеп ән…» әдеби-сазды алаңы ұйымдастырылды.
Оқу мәдениетін арттыру, талантты оқырмандарға қолдау көрсету, жастар арасында кітап оқуды жандандыру, қоғам мен кітапхана байланысының жаңа формаларын қалыптастыру мақсатында өткізілген әдеби-сазды алаңында жас қаламгер Әлихан Жақсылық, көкіректеріне көрікті сөз ұялаған, поэзияны, көркем әдебиетті сүйетін оқырмандар, «Желкен» әдеби клубының мүшелері, Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы, М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары, А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің 2-курс студенттері бас қосты.
22 апреля 2022 года «БИБЛИОСУМЕРКИ» в областной детской библиотеке имени Нурпеиса Байганина. В литературно-музыкальной площадке, организованной с целью формирования интереса к книге, как к источнику знаний, вызвать желание читать книги, пользоваться библиотекой, приняли участие – начинающий прозаик Алихан Жаксылык, читатели-любители поэзии и прозы, члены литературного клуба «Желкен».
Участники мероприятия прочитали произведения известных поэтов и свои стихи, талантливые читатели – учащиеся школы-гимназии №6 им.А.Актаева, областной специализированной школы-интерната для одаренных детей им.М.Кусаинова, студенты 2-курса музыкального колледжа им.А.Жубанова приняли активное участие в мероприятии исполняли кюи, песни, призвали всех участников к чтению книг,которые являются средством распространения знания и самым надежным способом его сохранения.