Skip to content

2022 жылғы 5 мамыр күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы…

2022 жылғы 5 мамыр күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі Совет Одағының батыры І.Үргенішбаевтің туғанына 110 жыл толуына арналған «Батырдың ізін жалғар ұрпағы бар» атты тағзым сағатын өткізді.
Шараның мақсаты: Қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Ідіріс Үргенішбаевтың қаһармандық ерлігін, мұғалімдік бейнесін жан-жақты ашып көрсету, елін, жерін қорғай білуге, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Шарада қаламын винтовка мен автоматқа ауыстырған кешегі ауыл мұғалімінің тар жол, тайғақ кешудегі ерлік істері жете таныстырылып, оқырмандарға батыр туралы естелік видеолар мен слайдтар көрсетілді.
«Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

5 мая 2022 года областная детская библиотека имени Нурпеиса Байганина провела в областной специализированной школе-интернате-колледже олимпийского резерва имени Есет батыра Час памяти «Батырдың ізін жалғар ұрпағы бар», посвященный 110 летию со дня рождения Героя Советского Союза ИдрисаУргенешбаева.
Цель мероприятия: ознакомить учащихся с биографией и подвигом Героя Советского Союза Идриса Ургенешбаева, воспитание патриотизма и любви к Родине, к своему народу.
На мероприятии были показаны видеоматериалы и слайды, рассказывающие о сельском учителе , сменившем свою мирную профессию на должность командира пулеметной роты, про отвагу и мужество, про подвиг, за который был удостоен посмертно звания Героя Советского Союза.
Для участников мероприятия был проведен библиографический обзор книжной выставки «Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *