Skip to content

Бүгін Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Халықаралық Отбасы күніне арналған…

Бүгін Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Халықаралық Отбасы күніне арналған "Менің отбасым және мен оқыған кітап" оқырман отбасы бенефисі өтті.
Шараға "Шаңырақ" отбасылық оқу клубының мүшелері және №22 орта мектебінің 5 класс оқушылары мен тұрақты оқырманымыз Ізбагамбетовтер отбасы қатысты.
Сұхбат барысында отбасының тірегі Ізбагамбетов Оралбай немерелерінің кітапханаға жиі келетіндерін, кітаппен жақын дос бола білгендері жайлы әңгімеледі. Отанасы Ізбагамбетова Айсұлу балалары мен немерелеріне дұрыс тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігі туралы ой бөлісті. Ал анасы Салтанат балаларының оқудағы жетістіктері туралы үлкен сүйіспеншілікпен және мақтанышпен айтып, мерекемен құттықтады. Балаларды кітап оқуға шақырды.
Шарада оқырмандар ой сергіту айдары бойынша «Кім тапқыр?» ойынында берілген сөздерден отбасы, кітап туралы мақал – мәтелдер мен нақыл сөздер құрастырды. «Талант студио» шығармашылық орталығының білім алушысы Сисемби Аяжан «Ата-әже» әнін тарту етті. «Бақытты отбасы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Сегодня в нашей библиотеке прошел бенефис семьи «Менің отбасым және мен оқыған кітап», посвященный международному дню семьи, главным гостем стали члены клуба семейного чтения «Шаңырақ»- семья Избагамбетовых. В мероприятии приняли участие учащиеся 5 класса средней школы №22.
Глава семьи дедушка Оралбай рассказал о том, какие книги он любит читать сам и своим внукам, бабушка Айсулу поделилась тем, насколько важно давать правильное воспитание своим детям и внукам, мама и папа с большой любовью и гордостью рассказали об успехах своих детей в учебе, поздравили с наступающим праздником и пожелали мира и спокойствия семьям. Была представлена книжная выставка «Бақытты отбасы», участники бенефиса показали свою эрудицию в игре «Кім тапқыр?». Сисемби Аяжан подарил песню "Ата-әже".

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *