2022 жылғы 13 мамыр күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Балалардың бақыты» жыр кешін онлайн әрі офлайн форматта өткізді. Шараға ақынның ұлы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының профессоры Қасым Сырбайұлы Мәуленов әкесін сағынышпен тебірене еске алып, оның азаматтық тұлғасы мен қаламға адалдығын ерекше атап өтті. Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Эльмира Амандыковна Бадракова қатысып, ақынның табиғи таланты, сан қыры жөнінде тың деректер бөліссе, Қостанай қаласы С.Мәуленов атындағы мектеп-гимназисы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Мұратқызы Міркемел өз білім ошақтарындағы классик ақынның мұражайымен онлайн таныстырды.
«Желкен «әдеби клубының мүшелері ақын жырларын мәнерлеп оқып, оқырмандар назарына "Жыр тұлпары, Сыр сұңқары"кітап көрмесі ұсынылды.
13 мая 2022 года областная детская библиотека имени Нурпеиса Байганина провела в онлайн и офлайн формате вечер поэзии «Балалардың бақыты», посвященный 100-летию со дня рождения народного писателя Казахстана, Лауреата Государственной премии, участника Великой Отечественной войны Сырбая Мауленова.
Гости мероприятия –сын поэта Қасым Сырбайулы Мауленов лауреат премии имени Шокана Уалиханова, профессор кафедры «Экономики и бизнеса» Международного университета информационных технологий, поделился с участниками мероприятия воспоминаниями об отце, о его гражданской позиции и писательском призвании, сотрудник Кзылординской областной универсальной научной библиотеки имени Абдильды Тажибаева Эльмира Амандыковна Бадраковна рассказала о жизни и творчестве Мауленова, его поэтическом даре, заместитель директора по воспитательной работе школы-гимназии имени Сырбая Мауленова города Кустаная Айнур Мураткызы ознакомила учащихся с музеем поэта.
Члены литературного клуба «Желкен» прочитали стихи народного поэта. Вниманию участников мероприятия была представлена книжная выставка «Жыр тұлпары, Сыр сұнқары».
