Skip to content

Амантаевтар отбасы. Отбасында әкеміз Мұңат Тоғызақ Амантайұлы мұнай өндіру саласында…

Амантаевтар отбасы. Отбасында әкеміз Мұңат Тоғызақ Амантайұлы мұнай өндіру саласында бұрғышы болып жұмыс жасайды. Анамыз Нысанбаева Алтынгуль Айгожақызы жеке кәсіпкер, қол өнері көрпе тігу, тоқыма тоқумен айналысады. Отбасының ханшайымы Амантаева Нұрдана Тоғызаққызы Бауыржан Момышұлы атындағы 62 білім беретін орта мектебінде 5"А" класында оқиды. 10 жаста. Бос уақытында Нұрпейіс Байғанин атындағы кітапхананың тұрақты оқырманы. Осы жылы Ақтөбе телеарнасынан "Еркетай "бағдарламасына шақырылып, көптеген кітаптар жөнінде сұқбат жасалды. Жәнеде "Үкілі домбыра" ансамбіліне қатысады. Отбасының кенжетайы Амантаев Ерсұлтан Тоғызақұлы 1 "Ә" класында оқиды. Бос уақытында апасына еріп кітапханаға барады. Қосымша "Үкілі домбыра" ансамбіліне қатысады. Сурет салғанды ұнатады.

#отбасыкүні2022
#familyday2022
#балажылыақтөбе

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *