2022 жылы 1 маусым күні Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Абай» гүлзарында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, балалардың білім құштарлығын арттыру мақсатында «Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің» кітап-квест ұйымдастырды. Шараға «Балалар әдебиетінің бақшасы» мен «Ертегілер әлемінде» көрмесі жасақталды. Көрмеде 3D панорамалық кітаптар, ертегілер, танымдық энциклопедиялар және дыбысты кітаптар таныстырылды. Шара барысында балалар Көп білгішпен бірге ән салып, түрлі ойындар ойнап, жұмбақтардың шешімін тауып, жаңылтпаш айтып жарысты.
Наша библиотека широко отметила день защиты детей на широком и красивом бульваре имени Абая. Внимание всей детворы привлекла книжная выставка "Балалар әдебиетінің бақшасы", где были представлены 3Д книги, панорамные сказки, книжки-малышки. Вместе с клоуном Копбилгишем девчонки и мальчишки приняли участие в книжном квесте "Балалар күлкісі-көркі, сәні әлемнің", находили книжных героев, разгадывали ребусы и загадки, рассказывали стихотворения.
