2022 жылдың 15 шілдесі Абай гүлзарында біздің кітапхана «Батырлар жыры – балалар әлемінде» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Еліміздің даңқын даралаған батыр бабаларымыздың есімін ұлықтау мақсатында көрмеге «Батырлар жыры» бес томдық кітабы және Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар батыр, Райымбек, Қанжығалы Бөгенбай, Керей мен Жәнібек, Есет Көкіұлы, Батыр Науан, ер Едіге сынды алаш ерлері туралы кітаптар қойылды. Сондай-ақ, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген «Бабалар сөзі» жүз томдық кітабының батырлар жыры топтастырылған 33- 36 томдары қала тұрғындарына ұсынылды.
Кішкентай оқырмандарымыз Нан батыр, Алпамыс батыр, Ер төстік және тағы да басқа батырлар туралы ертегілер мен «Еркетай», «Kazakh man» сынды комикс кітаптармен танысты.
15 июня 2022 года наша библиотека на бульваре Абая, организовала книжную выставку на тему «Батырлар жыры – балалар әлемінде».
В целях формирование у детей знаний о казахских батырах, о мужестве, героизме батыров в борьбе за независимость Казахстана; оценить их роль в истории государства на выставке были представлены книги: «Батырлар жыры» в пяти томах, «Бабалар сөзі» вышедшея по государственной программе «Мәдени мұра», а также книги о легендарных личностях в истории Казахстана такие как Қобыланды, Ер Таргын, Камбар, Райымбек, Науан, Едиге, об основателях Казахского ханства Керей и Жанибек.
А нашим маленьким читателям была предложена сказка о Нан батыре, Алпамыс батыре, Ер Тостике и многих других богатырях. А также были представлены книги комиксы, такие как «Еркетай» и «Kazakh man».