Skip to content

2022 жылғы 22 шілдеде Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Абай…

2022 жылғы 22 шілдеде Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Абай гүлзарында жазушы Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай «Ары менен абыройын қазық қып, қаламымен қалың жұртын тербеткен» тақырыбында библиографиялық шолу ұйымдастырды.
Библиографиялық шолуда жалпақ жұртқа шығармашылығымен азаматтығымен ардақты жазушының ғұмыр жолы, қаламгердің ұлттық әдебиетіміздегі орны туралы айтылды.
Оқырмандар назарына ұсынылған «Ғибратты ғұмыр иесі» кітап көрмесінде жазушыны үлкен белеске шығарып, оқырман көңілін баурап алған «Қызыл жебе» «Интернат наны» «Ай мен Айша» «Мыңбұлақ» «Соғыстың соңғы жесірі» т.б. туындыларымен қатар, жас ұрпақты жақсыдан ғибрат алуға шақыратын замандастарының естелік жазбалары қойылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *