Skip to content

Бүгін Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ақын, жазушылар одағының мүшесі…

Бүгін Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ақын, жазушылар одағының мүшесі Мұхтар Құрмалиннің туғанына 95 жыл толуына орай «Өздеріңмен біргемін» ақпарат сағатын № 42 жалпы білім беретін орта мектептің 7 класс оқушылары арасында өткізді.
Шара басында балалық шағын соғыс жылдары тез есейткен, өзінен кейінгі талай жас буынның қанаттануына ықпал еткен ақынның өнеге толы өмірінен сыр шертілді. Туған жерге деген перзенттік махаббатынан туған патриоттыққа толы өлеңдері мен балаларға арнап жазған сыршыл жүрекке жылы тиетін өлеңдері оқылып, таныстырылды.
Оқырмандар назарына «Өлеңім өз жанымның парасаты» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Сегодня областная детская библиотека им.Н.Байганина в средней школе №42 организовала информационный час «Өздеріңмен біргемін», посвященный 95 летию поэта Мухтара Курманалина.
Основная цель мероприятия – ознакомление учащихся с жизнью и творчеством поэта, пропаганда краеведческой литературы.
Внимание читателей был предложен библиографический обзор по книжной выставке «Өлеңім өз жанымның парасаты»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *