Skip to content

Бүгін Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Отбасы күніне арналған «Жанұя…

Бүгін Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Отбасы күніне арналған «Жанұя кешені – жылулық мекені» кездесу кеші өтті.
Шараға "Шаңырақ" отбасылық оқу клубының мүшелері және Мырзалиевтар, Тұяқовтар отбасылары қатысты.
Шара барысында ұстаз, ардақты ана, ақжаулықты әже Ұлмекен Қаниқызы Тұяқова ел ішін ауыз біршілікке, білімге, елін, жерін қорғауға шақырған қазақтың қанатты сөздері жайлы ой-толғаныстарымен бөлісіп, бабадан қалған даналық сөздің құдіретін бағалай білуге шақырды.
Ал Мырзалиевтар отбасының тірегі Ержан Ауезханұлы кітаппен жақын екендігін, оқыған қызықты кітаптары туралы әңгімелесе, отанасы Фарида Мырзалиева бала тәрбиесінің маңыздылығын айтып. балаларды кітап оқуға шақырды.
№8 орта мектептің оқушылары Анель Ерланқызы, Айару Амантаева, Сабина Болатова Ахмет Байтұрсынұлының «Қозы мен Қасқыр» шығармасынан көрініс көрсетсе, №62 Б.Момышұлы атындағы орта мектептің оқушысы Жанерке Мергенова «Ата-әже» әнін тарту етті.
Шарада оқырмандар «Кім тапқыр?» ойынында берілген сөздерден отбасы, кітап туралы мақал – мәтелдер мен нақыл сөздер құрастырды.
«Бақытты отбасы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Сегодня в нашей библиотеке с целью пропаганды семейных ценностей и поддержки дня семьи в Казахстане прошел вечер встреч «Жанұя кешені – жылулық мекені» с членами клуба «Шаңырақ». Приглашенными гостями стали 2 семьи- Мырзалиевы и Тукаевы. Пример для подражания всем будущим матерям стала бабушка семьи Тукаевых – Туякова Улмекен Каникызы, мудрая мать, бабушка и жена, поделилась семейным опытом хранительницы очага. Маленький наследник семьи Мырзалиевых- Ержан Ауезханулы рассказал о том, как любит посещать нашу библиотеку вместе с бабушкой и мамой, читать журналы и книги о животных.
Активное участие приняли учащиеся средней школы № 8 Ерланкызы Анель, Амантаева Айару, Болатова Сабина, они показали свое актерское мастерство в постановке по мотивам стихотворения Ахмета Байтурсынова- «Қозы мен Қасқыр», а ученица средней школы №62 имени Б.Момышулы Мергенова Жанерке исполнила песню «Ата-әже».
В игре «Кім тапқыр?» участники находили продолжение пословиц и поговорок, отгадывали загадки о семье.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *