Бүгін Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы оқырмандарға қазақтың әйгілі жазушысы Ғ.Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына арналған «Көркем сөздің көрнекті шебері» атты онлайн-конференция өткізілді.
Шараға «Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК С. Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей-кешенінің жетекшісі, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Жақсылықұлы Қайырбеков, Ғ.Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының Ұлттық және шетел әдебиеті бөлімінің жетекшісі Айнагүл Әбілқызы Секренова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Гүлнар Сәдуақасқызы Обаева қатысып, жазушы қаламынан шыққан қайталанбас дара да, әсерлі шығармалары мен сұлулық пен ізгілікке құштар. өмірінің ерекше бір кезеңдері жөнінде және оның басты мұраты ұлт рухының өлмеуі болғандығы әңгімеге алтын арқау етіп алынды.
Оқырмандар жазушы шығармаларынан орын алған кейіпкерлер өмірі туралы сауалдарын қойып, жазушының шығармашылық зертханасының қыр-сырын түсінді.
Сегодня областная детская библиотека им.Н.Байганина организовала онлайн-конференцию «Көркем сөздің көрнекті шебері», посвященная 120 летию писателя Габита Мусрепова.
Гости мероприятия – руководитель литературно-мемориального музейного комплекса С. Муканова и Г. Мусрепова, поэт, кандидат филологических наук, лауреат международной литературной премии «Алаш» Адилгазы Кайырбеков, руководитель отдела национальной и зарубежной литературы Северо-Казахстанской областной детско-юношеской библиотеки имени Г.Мусрепова Айнагуль Секренова, старший преподаватель кафедры казаской филологии Актюбинского регионального университета имени К. Жубанова, магистр гуманитарных наук Гулнар Обаева ознакомили читателей с богатым литературным наследием великого казахского писателя, который способствовал становлению и процветанию национальной литературы.
В мероприятии приняли участие учащиеся областного специализированного лицея-интерната для одаренных детей им.М.Кусаинова.