Бүгін Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ұлы дала қыздары» жобасы аясында, ел тарихында айрықша із қалдырған, әрі ана, әрі дана болған ұлы аналарымызды насихаттау мақсатында № 31 орта мектебінде «Атқа қонған арулар» атты тарих сағатын өткізді.
Шара барысында сан ғасырлық жылдар өтсе де, қайсар мінездерімен, парасат-пайымымен, қилы кезеңдерде ерен ерліктерімен тарих төрінен орын алған Әбілқайыр ханның ақылды жары – Бопай, Тархан тама Есет Көкіұлының батыр қызы Ботакөз, әулие Есет Көтібарұлының ақындығымен көзге түскен келіні Таразы туралы айтылды.
Шараға «Шолпы» қыз балалар клубының мүшелері белсене қатысты.
Оқырмандар назарына «Мәңгілік өмірге, мәңгілік өнегеге айналған есімдер» атты кітап көрмесін ұсынды.
Сегодня областная детская библиотека им.Н.Байганина в рамках проекта «Ұлы дала қыздары» организовала час истории в средней школе №31 с участие членов клуба «Шолпы» на тему «Атқа қонған арулар».
В ходе мероприятия сотрудники библиотеки рассказали о Бопай, мудрой жене Абилхаир-хана, вошедшей в историю своим сильным характером и мудростью, о героической дочери Есет Кокиулы Ботакоз и о невестке Есет Котибарулы – Таразы.
Был предложен библиографический обзор по книжной выставке «Мәңгілік өмірге, мәңгілік өнегеге айналған есімдер».