🔶️ Құрметті ақтөбеліктер мен қала қонақтары!
❗ Ақтөбе қаласында 8-9 – қазан күндері ту ұстап, тарлан мінген тархан батыр Есет Көкіұлының 355 жылдығына арналған «Еркіндік қыраны, шарықта» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.
Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтетін дүбірлі додаға Қанат Мырзахан, Нұрлан Мұсаев, Рүстем Қайыртай, Шұғайып Сезімхан, Біржан Байтуов, Шалқарбай Ізбасаров, Айдос Рахметов, Қару Нұрзат Талғатқызы, Серік Қуанған, Қазірет Бердіхан, Марат Ахметов, Жұлдыз Қожабекова, Ершат Қайболдин, Жәнібек Бейбітов, Айболат Көшкінбаев, Нұрбол Жауынбаев сынды азулы он алты ақын қатысады.
Айтыс екі күн қатарынан Студенттер сарайында өтеді.
❗ Кіру тегін.