2022 жылғы 27 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Кітап. Тұлға. Рух.» жобасы аясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, күйші Жайлау Жаншаұлы Асылханов және ақын, сазгер, ҚР Мәдениет саласаның үздігі Орал Ноғайбайұлы Байсеңгірмен «Өнері биік тұлғалар» атты кездесу кешін өткізді.
Шара қонақтары жас ұрпақтың рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен тәрбие құралы –кітап екендігін, өз өмірлеріндегі жетістіктері туралы, жетістікке жетудің қыры мен сырымен бөлісіп, адам жасында қиялға берілгіш, арманшыл, белсенді болып келсе, өсе келе өмірге шынайы көзібен қарайтын парасатты, жалған мен ақиқатты айыра алатын, әлеуметтік кемелденген тұлға болып қалыптасатыны туралы айтып, оқырмандармен еркін сұқбаттасты. Шараға Есет батыр атындағы
олимпиада резервінің
облыстық мамандандырылған
мектеп-интернат-колледжінің және №6 Ғ.Ақтаев атындағы ЖББОМ білім алушылары белсене қатысты.
27 октября 2022 года областная детская библиотека им.Н.Байганина в рамках проекта «Кітап. Тұлға. Рух» организовала встречу на тему «Өнері биік тұлғалар».
Цель проекта – формирование культуры чтения и привлечение к чтению детей; знакомство читателей с известными людьми, достигших больших успехов в сфере литературы, культуры, спорта, предпринимательства и др.
Гости встречи – Почетный работник образования РК, куйши Жайлау Асылханов, поэт, композитор, отличник культуры Орал Байсенгир – поделились своими мнениями о важности книги в воспитании личности человека, рассказали о своих формулах успеха жизни.
@eset_batyr_sport