15 – ҚАТЫСУШЫ
"Қазанғап" атындағы балалар өнер мектебінің 3 сынып оқушысы – Әбдіғани Айшат
Мен үй жануарларының ішінде мысықты 🐈 ерекше жақсы көремін. Өйткені мысық тазалықты жақсы көретін үй жануары. Мысыққа тек тамақ беріп қана қоймай, сипап еркелетіп тұру керек. Медицина саласы бойынша да, мысықтың адам денсаулығына пайда тигізетіні дәлелденген. Мысықты сипасаң ол адамдағы теріс қуаттарды алады екен, ал бірнеше минут сипасаң жүрек қан ауруларының алдын алады екен.
Менің мысығымның аты-Ақала. Ол үнемі мен мектептен келгенде еркелеп, құйрығын бұлғаңдатып, алдымнан шығады. Мен оған тамақ беріп, аптасына бір рет жуындырамын. Ақала кей мысықтар сияқты ұрлық жасамайды. Өйткені менің мысығым ақылды және де сүйкімді!
Мысығым менің Ақала
Шығарамын аулаға,
Жүгіреді секіріп,
Шыға сала далаға.
Асыр салып ойнайды,
Ойынға еш тоймайды.
Еркелікке салынып,
Құмға барып аунайды.
#балаларкітапханасы #меніңсүйіктіжануарым