Skip to content

«Атадан қалған ғибрат» жобасы бойынша «Ертегі – ердің данасы!» дауыстап…

«Атадан қалған ғибрат» жобасы бойынша «Ертегі – ердің данасы!» дауыстап оқу сағаты өткізілді.

Шараға «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық-қоғамдық бірлестігінің мүшелері ұстаз Күләш Құлекенова, зейнеткер, агроном Айжан Макатова және ақын-сазгер, «Спорт жұлдыздары» журналының директоры Орынгүл Исмагулова қатысты.

Аяулы әжелер №15 «Жидек» балабақша бүлдіршіндеріне арнап «Жыл басына таласқан жан-жануарлар» және аңыз-ертегілер оқып берді. Кішкентай оқырмандар жұмбақтар шешіп, қызықты ойындарға қатысып, «Ертегі сыр шертеді» кітап көрмесімен танысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *