Балалар ақыны Жақсыгүл Шәріпханқызы Қалжановаға арналған «Жырларымен жақсылыққа жетелеген ақын» атты әдеби-сазды кеш өтті.
«Білім» мектеп-гимназиясының балалары «Ақын жыры – бағдаршамы баланың» атты әдеби-сазды бағдарламасын ұсынды. Кішкентай оқырмандар Жақсыгүл Шәріпханқызының «Тәрбиеші аю», «Көңілді қыс», «Сыпайылық – сұлулық», «Мұғалім мысық» сынды тақпақтарын оқыды.
Одан бөлек, ақынның «Менің ойыншықтарым», «Құмырсқаның шеберханасы» және «Жеміс бағында» өлеңдерінен сахналық көрініс қойылды. Балалар шара соның Жақсыгүл Қалжанованың сөзіне жазылған «Наурыз тойы» әнімен шарықтата аяқтады.
@bilim_aktobe_04