Отан қорғаушылар күні қарсаңында №2 мектеп-гимназиясының оқушылары арасында «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» әскери-патриоттық сағаты өткізілді.
Болашақ ел қорғайтын батырларымыз арнау өлеңдерің оқып, домбырамен «Сал күрең» күйін тартып, Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем» жырынан шашу шашты. Шара соңында Рауан Бейсенұлының «Ән сал, сарбаз» әні шырқалды.
Кітапханадағы тарихи, әскери әдебиеттерге кеңінен шолу жасалып, «Ер – елінің айнасы» атты кітап көрмесі таныстырылды.