Республика күніне арналған «Жасай бер, жаса Қазақстан!» патриоттық акция ұйымдастырылды.
Акцияға қатысқан ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының имидждік және идеологиялық жұмыс бөлімнің инспекторы, аға лейтенант Айсұлтан Бекет және кадет оқушылары оқырмандарға өз құттықтауларын жолдап, білімді, саналы ұрпақ ел болашағының кепілі екендігін айтып кітап оқуға шақырды.
Патриоттық шараға «Қазанғап» атындағы өнер мектебінің, Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешенің оқушылары қатысты.
#republicday #республикакүні
@aqtobe_polisia_instituty