"Балалар бастауы – 2023" шығармашылық байқауы қорытындыланды.
Байқауға Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Назимат Бекқазықызы, ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлімай Әбішқызы және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ұлы дала прозасы» номинациясының жеңімпазы Әлихан Жақсылық қазылық етті.
"Үздік проза", "Үздік поэзия", "Үздік ертегі", "Үздік фантастика" жанрлары бойынша жазылған шығарма жеңімпаздары анықталып, диплом, алғыс хаттар және ынталандыру сыйлықтары берілді.