№2 Жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 1 класс оқушылары экскурсияға келді.
Балалардың жас ерекшелігіне сай түрлі қызықты 3D панорамалы кітаптарға библиографиялық шолу жасалды. «Аруна» баспасының буынға бөліп оқуға арналған ертегілер жинағы әліппені жаңа оқып меңгерген оқушылар үшін өте қызықты болды.
Сондай –ақ жақсы көңіл-күй сыйлау үшін оларға «Пайдалы және пайдасыз» ойыны ұсынылып, демалыс уақытын тиімді пайдаланған кішкентай оқырмандарға кітапхананың ережесі таныстырылды.