Азаттық үшін күресіп, тарихта аты қалған батыр қыздың бірі – Сапура Мәтенқызына арналған «Ерлігімен елге танылған батыр қыз» тарихи кеш өткізілді.
Шара қонағы «Сапура Мәтенқызы» зерттеуші топ мүшесі Жібек Османғалиқызы Абдуллина Сапураның небәрі 22 жасында 10 мың қолды бастап, патша өкіметіне қарсы күрескен ерлік жолын үлгі етіп, батыр тұлға ретінде танытты.
Сапура Мәтенқызының ерлігін, туған жеріне сүйіспеншілігін насихаттайтын «Кіші жүздің Көктемірі» кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.