Биылғы «Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафоны жазушы Тобық Жармағамбетовтің 90 жылдығына арналады.
Оқу марафонының ашылуы ZOOM платформасында балалар кітапханалары арасында өткізілді. Сонымен қатар, жазушының өмірі мен шығармашылығынан бейнеролик көрсетілді.
Жыл бойы аудандық кітапханаларда Тобық Жармағамбетов шығармашылығы кеңінен насихатталады.