Skip to content

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні📚 Балалар әдебиетінің классигі,…

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні📚
Балалар әдебиетінің классигі, жазушы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Әдебиетке балалықты әкелген» атты әдеби круиз өткізілді.

Әдеби круизде жазушы Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесінің желісімен түсірілген кинофильмде орындалған «Біз Отанның ұланымыз!» әнін «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының» оқушылары орындап, шараның шымылдығын ашты.
Ұ. Құлымбетов атындағы №64 орта жалпы білім беретін мектептің оқушылары «Менің атым – Қожа» шығармасының желісі бойынша театрландырылған көрініс көрсетті. Б.Момышұлы атындағы №62 орта мектептің 4 ”А” сынып оқушылары белсене қатысты.

Әдеби круиз аясында оқырмандарға «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, жазушы Б.Соқпақбаевтың шығармашылығы туралы білімдерін жетілдірді.

Балалар кітап күніне орай өткізілген шараның қорытынды бөлімінде жазушы Б.Соқпақбаевқа арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *