№7 арнайы (түзету) мектебінде қазақ халқының біртуар тұлғасы, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына арналған «Дауылды жылдардың жалынды жыршысы» атты тарихи-танымдық сағаты өткізілді.
Шара барысында балаларға ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, «Тарихи тұлғалар» бейнеролигі көрсетілді. Оқушылардың таным белсенділігі мен ой қорыту қабілеттерін дамыту үшін сұрақтар қойылды. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Қызғыш құс», «Ереуіл атқа ер салмай», «Тарланым» жырлары оқылып, өлеңдердің көркемдік ерекшелігі мен идеясы талданды.
«Дулығалы дала перзенттері» кітап көрмесі ұсынылды.