«Атадан қалған ғибрат» жобасы аясында «Оқы және жеңіске жет!» атты сайыс өткізілді.
М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 5 сынып оқушылары белсене қатысты. Балаларға ең алдымен сергіту сәті ретінде «Секіртпе» ойыны ойнатылып, олармен жақынырақ танысуға мүмкіндік туды.
Қызықты, әрі тартысты ойын болып, балалар қонақкәде ретінде күй тартып, мәнерлеп өлең оқыды.