Жазғы демалысты тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылған «Кітаппен бірге өсеміз» көрмесімен танысу мақсатында Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінде жазғы лагерь оқушылары экскурсияға келді.
Экскурсия барысында кітапхана ережесімен таныстырылып, «Жеті ойыншық» жобасы бойынша шығарылған кітаптармен QR кодты пайдалана отырып,тақпақтарды еркін жаттап алуға болатынына қызыға түсті. Түрлі жанрдағы әдебиеттерді парақтап, көрме аясында ұсынылған қызықты кітаптар туралы мәліметтер алды. Балаларға «Ашылмалы кітапша» сериясы бойынша «Ертегілер әлемінде» «Әуесқой марғау», «Көлік түрлері», «Іскер аюлар отбасы» кітаптар көрсетілді.
