Skip to content

2024 жылғы 6 маусым күні «Кітап фестивалі 2024» шарасы аясында…

2024 жылғы 6 маусым күні «Кітап фестивалі 2024» шарасы аясында «Біз бақытты баламыз еркелеген, Тыңдап өсейік, ән мен күй, ертегі, өлең!» айдарымен өтті.

Шара ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Гүлімай Әбішқызы құттықтау сөзімен ашылды. «Айсын» радиожурналистика мектебінің оқушылары «Балалар ақыны – болашақ ұрпақтың ұстазы» Гүлімай Әбішқызының жырларын жатқа оқыды.

Кітапхананың белсенді оқырмандары «Біз бақытты баламыз еркелеген, Тыңдап өсейік, ән мен күй, ертегі, өлең!» атты әдеби косплейін ұсынды.

«Балалар әлемі өзгеше әлем» ойын алаңында «Менің сүйікті кітабым», «Кім жылдам?» «Ойлы болсаң, озып көр» ойындар ойнатылып, «Ертегілер әлемінде» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *