«Кітап фестивалі – 2024» шарасы аясында «Табиғатты қорғау – болашақты ойлау» экологиялық шеру өткізілді.
Экологиялық шеруге Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының «Жасыл әлем» экологиялық клубының мүшелері, М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ, Ж.Ташенов атындағы №68 ЖББОМ, Х. Доспанова атындағы №14 орта мектеп, М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының, №2 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.
Қалалық мәдениет үйінің Халықтық ұжымының «Сұңқар» вокалды ансамблінің, «Кристалл» тобының, «Әлия Қазақ би» ансамблінің, Ж.Ташенов атындағы №68 ЖББОМ, М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ-ң өнерлі балалары «Болашағы біз елдің» мерекелік бағдарламасын ұсынды.
«Табиғатты қорғауға шақырамыз!» алаңында М.Құсайынов атындағы мамандандырылған лицей интернатының оқушылары өлең оқыса, №2 мектеп-гимназиясының жас экологтары сахналық көрініс көрсетіп, табиғатты қорғауға шақырса, М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ-ң оқушылары әсем биімен қортындылады.