«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп жанындағы жазғы лагерде «Кітапханаға жазғы саяхат» тақырыбында балалардың кітапханада қауышу күніне орай №52 негізгі мектептің оқушылары кітапханаға саяхат жасады.
Балаларға «Менің сүйікті ертегім» сериясымен ертегілер, «Кел, танысайық, бұл….» сериясымен балалар энциклопедиясы ұсынылды.
Кітапхана ережесі таныстырылып, жазғы демалыста кітаппен дос болуға шақырды.