«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға жазғы саяхат» тақырыбында №28 орта мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің 2-ші кезеңінің «Балдаурен» және «Солнышко» топтарының балалары кітапханаға саяхат жасады.
«Ертегілер елінде» атты зияткерлік-танымдық ойын ойнатылып, балалардың білімдері шыңдалды.
Балаларға «Таңғажайып ертегілер» сериясымен ертегі кітаптар ұсынылды, «Сыныптан тыс оқу» сериясымен шығармалар жинағы ұсынылды.
Балаларға кітапхана ережелері таныстырылып, кітапханамыздың визит карталары үлестірілді.