«Шұғыла» жазғы балалар демалыс лагерінде «Оқитын дос іздеймін!» жазғы оқу жобасы аясында шара ұйымдастырылды.
Шарада тілсіз тәрбиеші әрі сырлас досымыз кітап оқуды оқырмандарға насихаттап, қызықты ойындар мен зияткерлік тапсырмалар арқылы кітапқа деген қызығушылығын арттырды.
Шара соңында кітапханаға жазылу ережесі түсіндірілді, сонымен қатар балалар өздерінің пікірлерімен бөлісті.