«Кәмпит» жазғы демалыс лагерінде тарихтың куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық мұра – Домбыра» рух сағаты өткізілді.
Шара барысында киелі аспаптың шығу тарихы туралы шежіре- деректер, аңыз әңгімелер, Құрманғазы, Тәтімбет, Дина сияқты әйгілі күйшілердің мұрасы туралы мәліметтер айтылып, жырлар оқылып, өнерлі оқырмандар күмбірлеген күй төкті.
Оқырмандар назарына «Қазақтың асыл-қазынасы» атты кітап көрмесі ұсынылды.