«Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысында №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының оқушыларымен «Бақытым да, байлығым да – денсаулық!» атты денсаулық жәрмеңкесі өткізілді.
Шара барысында клубқа жаңа мүшелер қабылданып, клубтың бағдарламасы мен қызметі таныстырылды.
Денсаулық жәрмеңкесіне арналған қызықты квиз, денсаулық викторинасы мен спортық-көңілді мини-баскетбол ойыны өткізіліп, салауаттылық жаттығуы жасалды.
Оқырмандар назарына «Дені сау ұрпақ-салауатты өмірдің жалғасы» атты кітап көрмесі ұсынылды.