Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы экологиялық тәрбие беру мақсатында Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің «Журналистика» класының оқушылар арасында «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» тақырыбында лекция сағатын өткізді.
Шара барысында балаларға қоршаған орта , жер бетінде тіршілік ететін жануарлар әлемі жайында ақпарат беріліп, «Поэзия минутында» М.Мақатаевтың «Әй,Табиғат!», Қадыр Мырза Әлидің «Табиғатқа табыну », тағы басқа ақындардың өлеңдерін оқыды.
Балаларға «Жеріңді аяла, адамзат!» атты кітап көрмесі таныстырылды. «Жауын құрт» ойыны арқылы жұмбақтар жасырылып , шешеуін тапты.