Skip to content

Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі»…

Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты 2024 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында таңдалып алынған қазақ әдебиетіне өзгеше соқпақ салған көрнекті жазушы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттап, естеліктері мен мұраларын оқырмандарға таныстыру және оқуға ұсыну.
Көрмеге оқырмандарын шынайылығымен, өмірлік көріністердің тереңдігімен баурап алған «Менің атым Қожа» кітабы, «Өлгендер қайтып келмейді» еңбегімен қатар қаламгердің әдебиеттер мен мерзімді баспа беттерінде жарияланған мақалалары оқырмандарға ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *