Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір!» тақырыбында кішкентай оқырмандарға мерекелік көңіл-күй сыйлап достық қарым-қатынасты нығайттық.
Көңілді кеште Ғ. Ақтаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының 5 класс оқушылары қонақ болып қызықты ойындар ойнап,ән айтып би биледі. Балалар Германия және Польша елдеріне саяхат жасап, өнерлі оқырмандарымыз Аяз ата мен Ақшақардан сыйлықтар алды.
