Skip to content

«Оқитын өлке-2025» акциясы аясында сатирик-жазушы Үмбетбай Уайдиннің туғанына 90 жыл…

«Оқитын өлке-2025» акциясы аясында сатирик-жазушы Үмбетбай Уайдиннің туғанына 90 жыл толуына арналған «Сатира – өлмейтін елдің өшпейтін күші» сатира алаңын өткізді.
Шара қонағы сатирик, актер, Қазақстанның Мәдениет қайраткері және «Екі Езу» әзіл-сықақ театрының директоры, Жүсіпбек Аймауытов атындағы арнайы жүлдесінің және сатира жанры бойынша Үмбетбай Уайдин атындағы жүлде иегері Нұрлыбек Хайруллаұлы Жұбатқан жазушының тапқыр, ұтқыр астарлы шығармашылығы туралы әңгіме қозғап, сатира – адалдықтың, адамдықтың қаруы екендігін айтып, әзілдің астарын түсіну, сынды дұрыс қабылдауға шақырды.
Оқырмандар назарына «Ойы мәнді, сөзі нәрлі» виртуалды кітап көрмесі таныстырылып, балалар шығармашылық үйінің оқушылары Үмбетбай Уайдин мен Нұрлыбек Жұбатқанның шығармаларынан сахналық көрініс көрсетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *