Skip to content

«Әдебиет. Рух. Қоғам» халықаралық әдеби байқауы жарияланды! Ақтөбе облысы әкімдігі…

«Әдебиет. Рух. Қоғам» халықаралық әдеби байқауы жарияланды!

Ақтөбе облысы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесе отырып, талантты қаламгерлерді қолдау мақсатында «Әдебиет. Рух. Қоғам» халықаралық әдеби байқауын жариялайды.

Байқау номинациялары:
📖 Поэзия (Сағи Жиенбаев және Төлеген Айбергенов атындағы жүлде)
📖 Проза (Тобық Жармағамбетов және Қажығали Мұханбетқалиұлы атындағы жүлде)
🎭 Драматургия (Тахауи Ахтанов және Бәкір Тәжібаев атындағы жүлде)
🖋️ Сатира (Үмбетбай Уайдин атындағы жүлде)
📚 Көркем аударма (Қуандық Шаңғытбаев атындағы жүлде)
👦 Балалар әдебиеті (Ізтай Мәмбетов атындағы жүлде)
🎶 Баллада жазу (Өтежан Нұрғалиев атындағы жүлде)

Жүлде қоры: әр номинация жеңімпазына 1 000 000 теңге, медаль және арнайы куәлік табысталады!

Қатысу шарттары:
🔹 Байқауға 3 номинацияға дейін өтінім беруге болады.
🔹 Бұрын еш жерде жарияланбаған шығармалар қабылданады.
🔹 Өтінімдер 2025 жылдың 31 мамырына дейін adebiet.ruh.kogam@mail.ru электронды поштасына жолдануы тиіс.

Жеңімпаздар 2025 жылдың 15 тамызына дейін анықталады.

Ескерте кету керек, «Әдебиет. Рух. Қоғам» халықаралық әдеби байқауының бұрынғы жеңімпаздары қатыса алмайды.

Қазақ әдебиетіне үлес қосуға асығыңыз! ✍️✨
#актобемәдениет

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *