2025 жыл “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп жариялауына орай «Еңбекпенен сенімің, шығарады жарыққа» кітапханалық журфикс өтті.
Шара қонақтары электр шебері Нұртазин Ерғали, тепловоз машинисті Мекенов Нұрлат, гүл өсіруші Уразбаева Гүлнар және ардагер ұстаз Нәзипа әжеміз еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, еңбек етуді жас баланың санасына сіңіру, жұмысшы кәсіптерін насихаттау және қызығушылықтарын арттыру бойынша өз мамандықтарының өнегелі қырларын үлгі етіп, тәжірибелерімен бөлісті.
Оқырмандарға мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керектігін ұғындырып «Мамандығым – мақтанышым» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
