14 ақпан-Халықаралық кітап сыйлау күні📚
Кітап – бұл жай ғана қағаз бен сияның үйлесімі емес, ол ойлардың, армандардың және мүмкіндіктердің шексіз әлемі. Әр бетінде бір әлем бар, ал әр сөзде жүрегіңе жетер әсер қалдыратын күш бар. Кітап оқыған сайын біз тек парақтарды емес, өзімізді, әлемді де жаңадан танимыз.
Осындай айтулы күні оқырманымыздың атасы Бекназар Әбдісапар Ғаппарұлы кітапхана қорына өз атынан кітап сыйлады. Бұл кітаптар оқырмандарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер мен танымның бастауы болатынына кәміл сенімдіміз және үлкен ризашылығымызды білдіреміз🤗