Оқырмандар назарына халық ақыны, жырау, кішкентайынан «бала жыршы» атағына ие болған, кез келген шығармасы батырлықты, әділдік пен адалдықты дәріптейтін Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл толуына орай «Жыр жолында асқар тау» атты кітап көрмесін ұсынды. Жыршының қазақ әйелдерін бостандыққа шақырған «Нарқыз» шығармасы, эпостық дастандары, қазақ халқына белгілі «Қобыланды» жыры, сатиралық өткір қысқа өлеңдері насихатталды. Өзінің ақындық өнерін қоғам өмірімен әр уақыт тығыз байланыстырып отыратын Нұрпейіс Байғанин Ұлы Отан соғысы кезінде көптеген жалынды патриоттық қысқа үгіт өлеңдерін жырлап, соғыс әскерлеріне қолдау берген.
