🇰🇿 2025 жылдың басынан бері мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2025 жылы 1 070 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 149 мыңнан астам этникалық қазақ оралды.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (51,9%) – Қытай Халық Республикасынан, 37,5% – Өзбекстаннан, 7,1% – Түрікменстаннан, 1,8% – Ресейден және 1,7% басқа елдерден.
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,2%-ды, кәмелетке толмағандар 32,9%-ды және зейнеткерлер 6,8%-ды құрайды.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/943967?lang=kk