Skip to content

№13 «Бөбек» балабақшасында Халықаралық әкелер күніне арналған «Менің әкем- ең…

№13 «Бөбек» балабақшасында Халықаралық әкелер күніне арналған «Менің әкем- ең жақсы адам» атты еретеңгілік өтті. Баланың отбасындағы әке рөлін түсінуі, әкеге деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру және ата-аналармен байланысын нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараға балабақша тәрбиленушілері Айарудың әкесі – Айтжанов Серик, Мирастың әкесі -Амангельдиев Мерей, Томиристың әкесі -Марат Ерназар және Амирханның әкесі – Махатов Еркін қатысып, отбасындағы әкенің рөлі, үлгі-өнегесі туралы өз ойларымен бөлісті.
Әкелер балаларымен бірге ойындарға қатысып, спорттық сайыстарда жарысып, өздерінің тапқырлықтары мен мейірімділіктерін, шымырлықтары мен төзімділіктерін көрсетті.Осындай іс-шара арқылы балалардың әкелеріне деген мақтаныш сезімдері арта түсті. Бақытты балалық шақтың кепілі-сүйіспеншілік пен бірлікке толы отбасы екендігін көрсете білген әкелерімізге алғыс білдіреміз🤗
Кішкентай оқырмандарымызға «Бақытты отбасы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *