Тұманбай Молдағалиевтың 90 жылдық мерейтойына орай №8 орта мектептің 4 класс оқушыларының қатысуымен «Өлең болып өрілген ақын» поэзия сағатын өткізді. Тұманбай Молдағалиевтың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіріп рухани танымын кеңейту мақсатында өткізілген шарада оқушылар ақынның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін жете түсініп, шығармашылық әлеміне жаңа көзқарас қалыптастырды.
Ақынның «Наурыз келді», «Көктем өлеңдері», «Менің жаным», «Сәлем бер», «Сүйемін» өлеңдерін жатқа оқып, «Құстар қайтып барады» әнін хормен орындады.
«Жүрегі жырдан жаралған» кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.
