Кітапханамыздың 65 жыл мерейтойы аясында арнайы салтанатты шара ұйымдастырылып, қонақтар мен оқырмандарға кітапхананың көпжылдық еңбегі мен нәтижелері көрсетілді.
Кітапхананың өңір мәдениеті мен білім саласындағы орныққан орнын айшықтау, көпжылдық еңбегін бағалау, кітапхана тарихына үлес қосқан тұлғаларды құрметтеу және жас буынды оқуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған шараға Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисқызы, Ақтөбе өңірінен шыққан ақын-жазушылар, балалар әдебиетін насихаттауда еңбек етіп жүрген кітапхана қызметкерлері, сала ардагерлері мен серіктес ұйымдар қатысып, мерейтоймен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Кітапханамыздың мерейтойлық қуанышын бізбен бірге бөлісіп, жылы лебіздерін арнап, уақыттарыңызды бөліп келген әрбір жанға шын жүректен алғыс айтамыз. Қуаныш – бөліскен сайын көбейетін қазына. Бүгінгі шаттығымыз сіздердің құрметті қадамдарыңызбен еселенді.













