"100 кітап" жалпыұлттық жобасына енген шығармалардың бірі – Роза Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне" туындысына арналған кітап талдау шарасы өтті.
Шара барысында оқырмандар "Мәңгілік бала бейне" шығармасының жазылу тарихымен, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигонының құрбандары болған жандардың қасіретті өмірімен танысты.
Іс-шараға М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушылары қатысты.
Оқырмандар назарына "100 кітап" жобасына енген туындылар негізінде дайындалған "Әдемі әдебиет әлемі" атты кітап көрмесі ұсынылды.





