Skip to content

Креативті хабтар, қор және «e-Creative» платформасы: Қазақстанда креативті экономика қалай…

Креативті хабтар, қор және «e-Creative» платформасы: Қазақстанда креативті экономика қалай дамуда?

«Креативті индустрия экономикамызды өркендетуге тың серпін беретініне сенемін», – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Креативті индустрияны дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі және бұл сала Мемлекет басшысының ерекше назарында. Экономиканың бұл стратегиялық маңызды секторы 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына енгізілген. Негізгі мақсат – саланы қолдауға арналған заңнамалық және институционалдық шараларға, инфрақұрылымды дамытуға, қазақстандық креативті өнімдердің импортын арттыруға бағытталған.

Биыл Мемлекет басшысы «Креативті индустрияларды дамыту туралы» Заңға қол қойды. Бұл құжат креативті саланы дамыту бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдардың құзыретін арттыруды қарастырады. Оның мақсаты – креативті индустрия өкілдерінің дамуына жағдай жасау.

Креативті экономиканы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі арнайы шаралар пакетін әзірледі.

Биыл Үкімет жанынан Креативті индустрияларды дамыту қоры құрылмақ. Қордың негізгі міндеті – дарынды азаматтарды табу және қолдау, жобалар мен инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қазақстандық креативті өнімдер мен қызметтердің экспортын алға жылжыту. Қор халықаралық нарыққа шығаруға арналған креативті жобаларды дамыту үшін, түрлі қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын конкурс негізінде әзірлеп, іске асыратын болады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Бюджет кодексіне қол қойды. Кодекс аясында ұлттық лотерея операторы сатқан лотерея билеттерінің 3%-ын креативті индустрияны дамытуға бөлу қарастырылған. Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігі «Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету және ынталандыру қағидаларын бекіту туралы» нормативтік-құқықтық актінің жобасын әзірледі. Бұл құжат креативті индустрия субъектілеріне қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын қарастырады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *