Skip to content

Б.Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінде Дүниежүзілік балалар…

Б.Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінде Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты құқықтық сауаттылық сағаты өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінуіне жағдай жасау, ізденімпаз және жауапты ұрпақ тәрбиелеу.

Шара барысында №62 орта мектебінің 4-сынып оқушыларына «Менің құқықтарым мен міндеттерім» атты танымдық ойын ұйымдастырылды. Бұл ойын балалардың ойлау қабілетін дамытып, құқықтық білімін қызықты формада тереңдетуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, оқушыларға «Өз құқығыңды біл, өзіңді қорға!» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *