Skip to content

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды…

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды күшейту, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды ілгерілету жөніндегі 2025 жылға ЖОЛ КАРТАСЫН жүзеге асыру кестесіне сәйкес зорлық-зомбылыққа жол бермеуді ілгерілету бойынша студенттермен «Зорлық – зомбылықсыз әлем» атты кездесу өтті.
Қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге, бір-біріне құрметпен қарауға , бейбітшілік пен келісімді сақтауға бағытталған шарада оқырмандарға қоршаған орта мен отбасындағы зорлық-зомбылық туралы ақпарат беріліп, қоғамда қауіпсіз орта құрып, өз құқықтарын біліп, қиын жағдайда көмекке жүгінуге шақырды.
Оқырмандарға қазақ жазушыларының қоғамдағы зорлық-зомбылықтың әртүрлі аспектілерін көрсете отырып, оқырманды ойландыратын шығармалары , Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебесі», Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы», Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романы ұсынылып, отбасы құндылықтары мен бала тәрбиесі жайлы кітаптарға шолу жасалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *